Президент Үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды

Президент Үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды

Мемлекет басшысы Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы өрттен кеншілердің қаза табуына байланысты Үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды. Бұл туралы abaidan.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы өрт салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.
Мемлекет басшысы Үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды.
Айта кетейік, бүгін таңертең Костенко атындағы шахтада өрт болғаны туралы жазған едік. 


#өрт, #Оқыс оқиға