Семейде жолаушылар автобусы өртенді
Семейде қала ішіне қатынайтын жолаушылар автобусы өртенді. Бұл туралы "mysemey18" әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Ақпаратқа қарағанда қоғамдық көлік қозғалыс кезінде өртенген. ТЖБ баспасөз қызметінің мәліметінше, "Восточный левый" кенті "6 саяжай" аялдамасында №56 автобустың жанып жатқаны туралы ақпарат түскі сағат 13.05-те түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 2011 ж. №56 маршрут бойынша жүріп бара жатқан "Antong" жолаушылар автобусының 3 ш.м. алаңында мотор бөлімі, аспаптар панелі және жүргізуші орындығы жанғанын анықтаған. Жолаушылар өздіктерінен қауіпсіз жерге шығып үлгерген. Зардап шеккендер жоқ.
Қызыл жалын оқшауланып,13 сағат 39 минутта сөндірілген.