Жалға берілген пәтерді жеке меншікке алуға болады

Жалға берілген пәтерді жеке меншікке алуға болады

Жалға берілген пәтерді жеке меншікке алуға болады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. «Абай облысындағы елді мекендерде халықпен кездесулер өткізгенде тұрғындар тарапынан сатып алу құқығынсыз жалға берілген тұрғын үйлерді жекешелендіру мәселесі жиі көтерілген болатын. Мұндай көпқабатты және бірқабатты тұғын үйлер Абай облысының Семей қаласы мен барлық аудандарда салынған. Сайлаушылар жиі көтерген осы мәселені шешу үшін Парламент Мәжілісінде қандай жұмыс атқарылғаны туралы хабардар етейін. Мен және бірнеше әріптесім жалдамалы баспапаны жеке меншікке алуға мүмкіндік беру үшін тұрғын үй саясатын реформалау туралы заң жобасына тиісті ұсыныстар бердік. 

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінде осы заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобында бұл мәселе жан-жақты қаралды. 

Бұл ұсынысты Үкімет қолдап, оң қорытындысын берді. 

Мемлекет меншігіндегі мұндай пәтер халықтың әлеуметтік осал топтарына берілген болатын. Адамдардың оны жеке меншікке сатып алуға , жекешелендіруге құқығы болмаған еді. 

Ал, енді жекешелендіруге рұқсат етілген соң, азаматтар жалға берілген пәтерді жеке меншігіне ала алады»,-делінген депутаттың әлеуметтік желідегі парақшасында. 


#Семей, #Абай облысы, #мәжіліс, #депутат, #Нұртай Сабильянов