Әр саладағы қоғамдық пікір көшбасшылары өз таңдауларын жасады
Бүгін 6 қазанда Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша маңызды республикалық референдум өтіп жатыр. Дауыс беруге белсене қатысқандардың қатарында қоғам белсендісі, IT және жаңа технологиялар жоғары колледжінің директоры Оралхан Сартаев та болды. №97 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі Оралхан Сартаев бұл күннің бүкіл ел үшін маңыздылығына тоқталды.
«Біздің әрқайсымыздың дауыс беру құқығымыз бар және бүгін біз өз ұстанымымызды білдіру үшін осы құқықты пайдалануымыз керек», - деді ол. «Колледж директоры болғандықтан студенттермен референдумда өз пікірімді білдірудің маңыздылығы туралы түсіндірме әңгімелер жүргіздім. Біз елдің дамуы тәуелді шешімдер қабылдауға тиіспіз», - деп қосты ол.
Оралхан Сартаевтың айтуынша, референдумға қатысу міндет қана емес, әрбір азаматтың болашағын айқындайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі.