Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша референдумда дауыс беру аяқталды

Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша референдумда дауыс беру аяқталды

Қазақстанда Астана уақыты бойынша сағат 20:00-де АЭС құрылысы бойынша республикалық референдумда дауысы беру аяқталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ -ке сілтеме жасап abaidan.kz  хабарлайды. Қазақстанда уақыт белдеуінің ауысуына байланысты сайлау учаскелері алғаш рет бір уақытта жабылды. Ендігі кезекте Орталық референдум комиссиясы алдын ала қорытындыларды жариялайды. Айта кетейік, референдумда қазақстандықтар елге атом электр станциясын салу керек пе, жоқ па деген сұрақтың шешімін шығаруы керек еді. Референдумға ұсынылған сұрақ: "Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?" Қазақстандықтар "иә" немесе "жоқ" деген жауапты таңдады. 


#АЭС, #Референдум