Семейде жастар референдумға белсенді қатысуда

Семейде жастар референдумға белсенді қатысуда

Бүгін елімізде өткен республикалық референдумда көптеген жас сайлаушылар алғаш рет дауыс беріп, ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті. Семей қаласындағы референдум учаскелеріне келген жастар саяси науқанға белсенді түрде қатысуда,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Алғаш рет дауыс берген жастар үшін бұл күн ерекше әрі жауапты сәт болды. Олар өз пікірлерін білдіру арқылы елдің дамуына үлес қосуға мүмкіндік алғандарын айтты. Жас сайлаушылардың айтуынша, мұндай маңызды саяси науқанға қатысу – әр азаматтың міндеті әрі болашаққа деген жауапкершіліктің белгісі. Жастардың саяси белсенділігі – қоғам дамуының маңызды көрсеткіштерінің бірі. Бүгінгі референдумда дауыс берген жас буын ел болашағына бейжай қарамайтын, азаматтық ұстанымы берік әрі жауапкершілігі жоғары екендігін көрсетті.

Семей қаласындағы бірқатар референдум учаскелерінде алғаш рет дауыс берген жастарға арнайы естелік сыйлықтар табысталды. Мұндай дәстүрдің жастарды қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысуға ынталандыратыны сөзсіз.


#Семей, #Абай облысы, #жастар, #Референдум