Қазіргі таңда елімізде саяси, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыру қарқыны артқан. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Turkistan» газетінде жарияланған сұхбатында халықты толғандыратын маңызды мәселелерге нақты жауап берілді. Бұл туралы «Силикат» ЖШС бас директорының орынбасары Қуаныш Қасенов пікір білдірді,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі.
Сұхбатта айтылғандай, мемлекеттік басқаруды жетілдіру, әділдік пен ашықтық қағидаттарын нығайту – елдің тұрақты дамуының басты факторлары болып саналады. Сондай-ақ, экономиканы әртараптандыру бағытындағы бастамалар жаңа жұмыс орындарын ашуға, шағын және орта бизнесті қолдауға және жалпы халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді.
«Силикат» ЖШС бас директорының орынбасары Қуаныш Қасенов атап өткендей, алдағы кезеңде қолға алынған реформалардың нақты нәтижесі халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы арқылы бағалануы тиіс. Бұл пікір елдегі өзгерістердің тек қағаз жүзінде ғана емес, өмірде де оң нәтижесін көрсету керектігін айқын көрсетеді.
Осылайша, Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты. Жүйелі әрі нәтижелі реформалар ел дамуының берік негізін қалыптастырып, әр азаматтың өмір сапасын арттыруға бағытталған.






