Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықсаласының өкілдерімен референдумныңмаңызы сараланды

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықсаласының өкілдерімен референдумныңмаңызы сараланды

Жаңа Конституция жобасын түсіндіру бағытындағы ақпараттық-насихаттық кездесулер жалғасуда. Осы ретте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының өкілдерімен мазмұнды кездесу өтті.

Іс-шараға коалиция мүшелері, Абай облыстық мәслихатының депутаттары Бауыржан Қайрамбаев, Марат Құрманбай, Рафаиль Хазипов, Мұхамедқали Қасқабаев және Жаңасемей аудандық мәслихатының төрағасы Ермек Әбілмәжінов қатысып, спикер ретінде сөз сөйледі.

Кездесу барысында конституциялық реформалардың негізгі бағыттары, олардың қоғам өміріне әсері мен ел дамуына қосар үлесі жан-жақты талқыланды.

Марат Құрманбай өз сөзінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлерінің қоғамдағы айрықша рөлін атап өтті.


«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының мамандары – халықтың күнделікті тұрмыс сапасын қамтамасыз етіп отырған негізгі күш. Олардың еңбегі – елдегі тұрақтылық пен жайлы өмірдің кепілі. Сондықтан конституциялық өзгерістер әрбір сала қызметкерінің құқықтық қорғалуын күшейтіп, еңбек жағдайын жақсартуға бағытталуы тиіс», – деді ол.

Ал Рафаиль Хазипов пен Мұхамедқали Қасқабаев референдумның қоғамдық маңызын ерекше атап өтіп, бұл саяси науқан ел болашағына бейжай қарамайтын әрбір азамат үшін маңызды екенін жеткізді. Олардың айтуынша, жалпыхалықтық дауыс беру – демократиялық қағидаттардың айқын көрінісі әрі ел дамуының жаңа кезеңіне бастайтын маңызды қадам.

Өз кезегінде Бауыржан Қайрамбаев пен Ермек Әбілмәжінов конституциялық өзгерістерді қолдау тұрақты құқықтық ережелердің кепілі екенін атап өтті. Олар бұл бастамалар заңды құқықтарды қорғауды күшейтуге, өндірісті жаңғыртуға және өңірлердің орнықты дамуына тың серпін беретінін айтты.

Кездесу барысында сала қызметкерлері өз ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Еркін форматта өткен жиын өзара пікір алмасуға, қоғам үшін маңызды мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады.


#Референдум, #Конституциялық реформа