Жаңасемей ауданында 16 адам алғаш рет дауыс берді

Жаңасемей ауданында 16 адам алғаш рет дауыс берді

Жаңасемей ауданында өткен референдумда 16 азамат алғаш рет өз елінің болашағы үшін дауыс беріп, азаматтық борышын өтеді. Жаңа сайлаушылар үшін шағын салтанат ұйымдастырылып, оларға демократия әлеміне алғашқы қадамдарын білдіретін естелік сыйлықтар табыс етілді.

«Бүгін мен өзім үшін және еліміз үшін маңызды қадам жасадым. Мен бірінші рет дауыс беріп отырмын, осындай маңызды шараға қатыса алғаныма өте қуаныштымын», - дейді дауыс берушілердің бірі.


#Жаңасемей, #Референдум