Депутаттар енді пропорционалды жүйе қағидатымен сайланады — Қасым-Жомарт Тоқаев

Депутаттар енді пропорционалды жүйе қағидатымен сайланады — Қасым-Жомарт Тоқаев

Аймақтарда мажоритарлық жүйені сақтап қалу керек деп ойламын. Бұл туралы Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

— Ұсыныстардың үшінші бөлігі жаңа Парламентті жасақтау тәртібі туралы болды. Депутаттар енді пропорционалды жүйе қағидатымен сайланады. Мұндай тәсіл саяси партиялардың институционалдық рөлін күшейтеді, сондай-ақ олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырады. Кейбір партиялар Парламентпен қатар барлық деңгейдегі мәслихаттарды пропорционалды жүйемен жасақтауды ұсынғанын білемін. Бірақ аймақтарда мажоритарлық жүйені сақтап қалу керек деп ойламын, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осыған дейін Президент Сыр бойы нағыз еңбек адамдарының мекені екенін айтты.


#ҚР Президенті, #сайлау, #Ұлттық Құрылтай