Сайлау 27 қаралымabaidan.kz

Сенім мен әділет – Семейдің жарқын болашағы!

Сенім мен әділет – Семейдің жарқын болашағы!

№11 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына үміткер –Олжас Сабитович Карамендиннің сайлауалды бағдарламасы.

«Білім – болашаққа бастар жол. Әділет – әр отбасының сенімі!»

Менің басты мақсатым – Семей қаласының дамуына үлес қосу, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру және әрбір отбасының мүддесін қорғау.

Осы мақсатта өз жұмысымда төмендегі бағыттарға басымдық беремін:

1. Білім беру сапасын арттыру. Мектептердің материалдық-техникалық базасын жаңарту, мұғалімдерді қолдау, жас мамандарға жағдай жасау және балалар үшін қауіпсіз әрі жайлы білім беру ортасын қалыптастыру.

2. Мемлекеттік тіл мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, ұлттық тәрбие мен мәдениетті насихаттау, ұлы тұлғаларымыздың мұрасын ұрпақ санасына сіңіру.

3. Жастар мен балаларға қолдау көрсету. Балалардың сапалы қосымша білім алуына, спортпен және шығармашылықпен айналысуына мүмкіндік жасау. Жастарды жұмыспен қамтуға және олардың кәсіби дамуына ықпал ету.

4. Әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету. Көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі балаларға, қарттар мен әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға назар аудару. Әр тұрғынның мәселесін тыңдап, шешілуіне ықпал ету.

5. Ашық әрі тиімді мәслихат жұмысын қалыптастыру. Тұрғындармен тұрақты кездесіп, олардың ұсыныс-тілектерін назарға алу. Бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын бақылау және атқарылған жұмыстар туралы халыққа жүйелі есеп беру.

Семейдің болашағы – білімді ұрпақта, берекелі отбасында және әділетті қоғамда!

Сіздердің сенімдеріңіз – менің жауапкершілігім!

 

Материал № 11 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат  Олжас Сабитович Карамендиннің сайлау қорынан төленді.