Қоғам 48 қаралымabaidan.kz

Банк бизнесіңізге қанша кредит мақұлдайтынын алдын ала біліңіз

Банк бизнесіңізге қанша кредит мақұлдайтынын алдын ала біліңіз

Банк бизнесіңізге қанша кредит мақұлдайтынын алдын ала біліңіз

Көптеген компаниялар үшін кредит алу процесі алаңдаушылық тудырады. Кәсіпкерлер банк қаржыландыруды мақұлдай ма, қандай мөлшерде кредит ала алады және қандай шарттар ұсынылатынын алдын ала білмейді.

Осындай белгісіздікке байланысты кредит тарту идеясының өзі күрделі көрініп, өтінім беру туралы шешім кейінге қалдырылады.

Бұл мәселенің шешімі ретінде Halyk жаңа – «Кредиттік әлеует» сервисін іске қосты. Ол кәсіпкерлерге өтінім ресімдемей тұрып-ақ қаржыландырудың ықтимал ең жоғары сомасын алдын ала бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бизнес өкілдері өз мүмкіндіктерін алдын ала саралап, нақты шешім қабылдай алады. Жаңа құрал туралы толығырақ банк өкілдері айтып берді.

Нарықты зерттедік

Halyk Банкінің Заңды тұлғаларды цифрлық кредиттеу департаментінің директоры Алмагүл Қоңқарованың айтуынша, сервисті іске қоспас бұрын банк нарықты зерттеп, кәсіпкерлерге ықтимал қаржыландыру сомасын осыншалықты жылдам әрі ыңғайлы түрде алдын ала білуге мүмкіндік беретін баламалы шешімдердің жоқ екеніне көз жеткізген.

«Біз үшін бұл жай ғана жаңа өнім емес, бизнестің банкпен өзара іс-қимыл жасау тәсілін өзгертетін құрал», – деп атап өтті ол.
Алмагүл Қоңқарованың айтуынша, сервистің іске қосылуы банктің бизнеске қаржыландыру алу процесін барынша ашық, түсінікті әрі қолжетімді етуге ұмтылысын көрсетеді.

Жаңа «Кредиттік әлеует» сервисі кәсіпкерге бірнеше минут ішінде, тегін әрі толыққанды кредиттік өтінім бермей-ақ, сондай-ақ банк алдында ешқандай міндеттеме алмай, өзінің қаржыландыру мүмкіндіктеріне алдын ала баға алуға мүмкіндік береді, – деп толықтырды ол.

Кредиттік әлеует не үшін қажет

Мұндай ақпаратқа қол жеткізу шағын және орта бизнес (ШОБ) өкілдері үшін аса маңызды. Өзінің кредиттік әлеуетін біле отырып, кәсіпкер кірістер мен шығыстарды алдын ала болжай алады, болашақ сатып алулардың көлемін жоспарлайды, қызметкерлерге деген қажеттілікті бағалайды және басқарушылық шешімдерді неғұрлым негізді түрде қабылдайды. Бұл бизнес-жоспарлауды жеңілдетіп, компанияның одан әрі даму перспективаларын алдын ала бағалауға мүмкіндік береді.

Болашақ кредит сомасы қалай есептеледі?

Кредиттік әлеует компанияның қаржылық көрсеткіштері негізінде автоматты түрде есептеледі. Қорытынды бағалауға кредиттік тарих, транзакциялық белсенділік, қолданыстағы кредиттік міндеттемелер және бизнес кірісінің деңгейі сияқты бірқатар фактор әсер етеді.

Сервис туралы толығырақ білу және кредиттік әлеуетті есептеуге өтінім беру мына сілтеме бойынша.