№22 бірмандатты сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Серикказы Бекенович Азильхановтың сайлауалды бағдарламасы.
Құрметті Семей қаласының тұрғындары!
Менің басты мақсатым – қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру, халықтың өзекті мәселелерін шешуге ықпал ету және Семейдің дамуына үлес қосу.
Сайлауалды бағдарламамның негізгі басымдықтары:
- Қалалық инфрақұрылым: жолдарды, аулаларды жөндеу, көшелерді жарықтандыру және балалар мен спорт алаңдарын абаттандыру.
- Білім беру: мектептердің жағдайын жақсарту, педагогтерді қолдау, балалардың қауіпсіздігі мен сапалы білім алуына ықпал ету.
- Жастар және спорт: спорт секцияларын, шығармашылық үйірмелерді, жастар бастамалары мен жұмыспен қамту мүмкіндіктерін қолдау.
- Әлеуметтік қолдау: көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, балаларға, қарттар мен ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға назар аудару.
- Денсаулық және экология: медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру, қала тазалығы мен көгалдандыру жұмыстарын қолдау.
- Халықпен байланыс: тұрғындарды тұрақты қабылдау, өтініштерді бақылау, өзекті мәселелерді мәслихатта көтеру және атқарылған жұмыс бойынша есеп беру.
Басты ұстанымым – ашықтық, адалдық және жауапкершілік!
Мен үшін депутаттық мандат – халық алдындағы жауапкершілік. Әр тұрғынның үнін тыңдап, Семей қаласының игілігі үшін нақты нәтижелерге қол жеткізуге күш саламын.
№22 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Серикказы Бекенович Азильхановтың сайлау қорынан төленді.




