Сайлау қорытындыcы шықты

Сайлау қорытындыcы шықты

 5 қарашада өткен Абай облысы  Абай ауданы мен Курчатов қаласының  әкімін сайлау қорытындысы шықты,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі 

Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 2023 жылғы 5 қарашада Абай облысы Абай ауданы мен Курчатов қаласы әкімдерінің сайлауы өтті.

Сайлаушылар тізіміне 15 528 азамат енгізілді. Дауыс беруге -  10 277 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 6, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 863 қатысты. Кандидаттардың жалпы саны - 4.

 Әкімдер сайлауының қорытындылары мынандай болып белгіленді:

Курчатов қаласы бойынша

Абдралиев Болат Тансыкбаевич үшін сайлаушылардың 3 733 дауысы берілді,

Хусайнова Галия Маратовна үшін сайлаушылардың 732 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 463.

Абай ауданы бойынша

Сагындыкова Нургуль Максутовна үшін сайлаушылардың 827 дауысы берілді,

Смагулов Мейржан Серикбосинович үшін сайлаушылардың 3 766 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 282.

Сайлау қорытындыларымен  әкім болып сайланғандар:

Курчатов қаласы бойынша - Абдралиев Болат Тансыкбаевич сайланды, 1976 жылы туған, Курчатов қаласының әкімі, Курчатов қаласы.

Абай ауданы бойынша - Смагулов Мейржан Серикбосинович сайланды, 1987 жылы туған, Абай облысы Абай ауданы әкімінің орынбасары, Абай ауданы;


#сайлау, #депутат