№ 9 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Сакенов Азамат Талантұлының сайлаушыларды өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды.
Депутаттық мандат — бұл мәртебе емес, ең алдымен зор жауапкершілік. Менің басты қағидатым — ашық, адал және жауапты жұмыс істеу, әр тұрғынның мүддесін қорғау және қаламызда нақты оң өзгерістерге қол жеткізу. Мен әрбір тұрғынның дауысын тыңдаймын, өтініштерді қағаз жүзінде қалдырмай, олардың нақты шешімін табуына өкілеттігім аясында бар күшімді саламын. Қаланы абаттандыру бағытында тұрғындардың өтініштері негізінде жолдар мен аулаішілік өтпелерді жөндеу мәселесін көтеремін, көшелерді, аулаларды және жаяу жүргіншілер өткелдерін жарықтандыруды жақсартуға, аулаларды көгалдандыруға, қауіпсіз әрі заманауи балалар және спорт алаңдарын орнатуға ықпал етемін, сондай-ақ жөндеу жұмыстарының сапасы мен бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына бақылауды күшейтемін. Білім беру саласында мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсарту мәселесін көтеріп, педагогтарды қолдаймын, олардың еңбек жағдайын жақсартуға, балалар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға ықпал етемін, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсетемін, балаларды буллингтен қорғау шараларын қолдап, ата-аналар, мектеп және қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайтамын. Жастарды қолдау үшін спорттық секциялар мен шығармашылық үйірмелердің қолжетімділігін арттыруға, еріктілер қозғалысы мен жастар бастамаларын дамытуға назар аударамын, кәсіби бағдар беру, тәжірибеден өту және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтуге, зиянды әдеттердің алдын алу жұмыстарын қолдауға ықпал етемін. Әлеуметтік қорғау бағытында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға, зейнеткерлер мен жалғыз тұратын қарт азаматтарға ерекше көңіл бөлемін және әлеуметтік көмек көрсетуде ашықтық пен әділдік сақталуына ықпал етемін. Денсаулық сақтау саласында медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру мәселелерін көтеріп, профилактикалық іс-шаралар мен медициналық тексеру акцияларын, салауатты өмір салтын және бұқаралық спортты насихаттауды қолдаймын. Экология бағытында қала тазалығы мен қоқыс шығару сапасына бақылауды күшейтуге, саябақтар мен қоғамдық демалыс орындарын абаттандыруға, ағаш егу және көгалдандыру акцияларына, сондай-ақ тұрғындар мен еріктілердің экологиялық бастамаларына қолдау көрсетемін. Халықпен кері байланысты сапалы жолға қою үшін тұрғындармен тұрақты кездесулер өткіземін, азаматтарды ашық қабылдап, әр өтінішпен жүйелі жұмыс істеймін, көтерілген мәселелердің шешілу барысын бақылаймын, қала үшін өзекті мәселелерді мәслихат отырыстарында көтеріп, депутаттық сауалдар жолдаймын және атқарылған жұмыс туралы тұрғындар алдында тұрақты есеп беремін. Бірге жұмыс істеп, Семейді дамытайық!
№9 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Сакенов Азамат Талантұлының сайлау қорынан төленді.




