Сайлау 26 қаралымabaidan.kz

Семейдің дамуы – халықтың әл-ауқаты!

Семейдің дамуы – халықтың әл-ауқаты!

№ 20 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Алмас Салакиденович Кузкеновтің сайлауалды бағдарламасы.

Менің басты мақсатым – Семей қаласының дамуына үлес қосу, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту және халықтың өзекті мәселелерінің шешілуіне ықпал ету.

Сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттары:

  • Қаланы абаттандыру: жолдар мен аулаларды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, балалар және спорт алаңдарын жаңарту, көгалдандыру жұмыстарын қолдау.
  • Білім беру: мектептердің материалдық-техникалық жағдайын жақсарту, педагогтарды қолдау, балалардың қауіпсіз әрі қолайлы білім алуына жағдай жасау.
  • Жастарды қолдау: спорттық және шығармашылық үйірмелерді дамыту, жастар бастамаларын қолдау, кәсіби бағдар беру мен жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейту.
  • Әлеуметтік қорғау: көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, балаларға, зейнеткерлерге және ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға қолдау көрсетілуіне ықпал ету.
  • Денсаулық сақтау: медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру, профилактикалық шаралар мен салауатты өмір салтын насихаттауды қолдау.
  • Экология: қала тазалығын сақтау, қоқыс шығару сапасын жақсарту, саябақтар мен қоғамдық орындарды абаттандыру және көгалдандыру.
  • Халықпен кері байланыс: тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізу, өтініштерді қарау, өзекті мәселелерді мәслихат отырыстарында көтеру және атқарылған жұмыстар бойынша есеп беру.

Басты ұстанымым – ашықтық, адалдық және жауапкершілік. Әр тұрғынның пікіріне құлақ асып, көтерілген мәселелердің шешілуіне өз өкілеттігім шегінде бар күшімді саламын.

Мен үшін депутаттық мандат – мәртебе емес, халық алдындағы үлкен жауапкершілік. Семейдің өркендеуі мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыру жолында аянбай еңбек етуге дайынмын!

Материал № 20 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат  Алмас Салакиденович Кузкеновтің сайлау қорынан төленді