Сенат депутаты  Семей қаласындағы №49 орта мектепте ұстаздармен кездесті

Сенат депутаты Семей қаласындағы №49 орта мектепте ұстаздармен кездесті

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Қ. Тастекеев Семей қаласындағы жалпы білім беретін №49 орта мектепте болып, ұстаздармен кездесті. Кездесуге «AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалының Атқарушы хатшысы          С. Ысқақов қатысты. 

Сенатор Палата қызметінің қорытындылары туралы айтып, сессия барысында қабылданған заңдардағы негізгі жаңалықтар туралы хабардар етті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының «EGEMEN GAZAGSTAN» газетіне берген сұхбаты туралы әңгімеледі. 

Жалпы мектеп 2017 жылы салынған. Бүгінде 100-ден астам мұғалім еңбек етеді. Жиында ұстаздар тарапынан дене тәрбиесі мен еңбек пәндерін бөліп оқыту, мектеп қаланың шет жағында орналасқандықтан қоғамдық көліктің мәселесін қарастырса деген ұсыныстары мен денсаулық саласына қатысты қатысты сұрақтар қойылды. 

Сенатор қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныстарды назарға алатынын айтты. 


#Семей, #мұғалім, #сенат, #депутат