Сенатор Семей қаласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында болды
Абай облысының тұрғындарымен кездесулері барысында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Қ. Тастекеев, «Абай облысы бойынша Семей қаласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ болды. Кездесуге «AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалының Атқарушы хатшысы С. Ысқақов қатысты.
Арнаулы әлеуметтік қызметтердің 8 түрін көрсететін мекемеде негізінен психоневрологиялық патологиясы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар мен Достық, Шүлбі ауылдық округтеріндегі психоневрологиялық ауытқулары бар 18 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі адамдарды қамти отырып, 400-ге жуық адамға қызмет көрсетеді.
Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, үйде қызмет көрсету бөлімшелері мен күндізгі жартылай стационар қаланың әр жеріндегі ғимараттарда орналасқандықтан жұмысқа қиындық тудырады. Сонымен қатар, мекеме қызметкерлеріне төленетін еңбекақыны медициналық мамандық бойынша емес, педагог ретінде қарастырса деген ұсыныстарын жеткізді. Бұған қоса, мемлекеттік сатып-алуда кездесетін қиындықтар туралы айтылды.
Өз кезегінде Қайрат Құлбайұлы «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасының негізгі мақсаты - ерекше қажеттіліктері бар қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға жәрдемдесу екендігіне тоқталып, кез-келген мәселені заң тұрғысынан қарастыру керектігін жеткізді