5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 100 күн қалды

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 100 күн қалды

31 мамырда Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 100 күн қалуына орай салтанатты шара өтеді,-деп хабарлайды abaidan.kz агенттігі дайындау және өткізу Дирекциясының баспасөз қызметі.Назым Рысбетоваға сілтеме жасап. Іс-шараға ұлттық спорт түрлерінің өкілдері, жаттықтырушылар, еріктілер мен қала тұрғындары қатысады. Мақсат–ұлттық спорт түрлерін насихаттау және қала тұрғындарын алдағы көшпенділер ойындарымен таныстыру.

Меймандар үшін ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылып, шеберлік сабақтары өтеді:

  • Тоғызқұмалақ және дәстүрлі садақ атудан шеберлік сабағы;
  • Қазақ күресінен ашық жаттығу;
  • Арқан тарту, асық ату, ләңгі ойындары;
  • Көшпелілер тақырыбы бойынша сұрақ-жауап ойыны.

Ұйымдастырушылар:  ҚР Туризм және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, ҚР Ұлттық және ат спорт түрлері орталығы, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясы.

Басталуы: 17:00

Мекен-жайы: Бәйтерек монументінің жанындағы алаң (Достық көшесі жағынан)


#Астана, #Спорт