Абай күніне орай 160 шақырым жаяу жүгірді
Семейде Абай күнініне орай «Абай жолы 100 миль» ултрамарафонының жеңімпазы анықталды.Марафонға еліміз бен қоса Қытай, Ресей мемлекеттерінен келген 20 желақ қатысты.
Жүйріктер Семей-Бөрілі аралығындағы 80 шақырымды, сондай-ақ Семей-Жидебай аралығындағы 160 шақырымды жүгіріп өтті. Шараның мақсаты -Абай күнін атап өту мен салауатты өмір салтын насихаттау. Қазақ спорт тарихында 100 мильдік қашықтықта марафон алғаш рет ұйымдастырлып отыр. Семейден шыққан жүйрік Нұргелді Аман Жидебайға 13 сағатта жеткен. Ал Cемей мен Бөрілі аралығындағы 80 шақырымды марафонда Асқар Жаңаберген үздік атанды.
- Жарысқа қатысқан 20 желаяқтың бәрі тәжірибелі. Осы кезге дейін 5-6 жыл шұғылданып бірнеше жарысқа қатысқандар. 10 тамыз-Абай күні жыл сайын осы жарыс өтіп тұрсын деген ұсыныс жасап жатырмыз,- дейді шараны ұйымдастырушы Рамазан Сәттарұлы.
#Абай күні, #Ультрамарафон, #Жидебай, #Бөрілі