Бесқарағай ауданында Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында жаңа хоккей кортының ашылу салтанаты өтті
Еліміздің шоқтығы биік мерекесі – «Тәуелсіздік күні» қарсаңында ауыл тұрғындарының игілігі үшін ашық алаңда жаңа хоккей кортының ашылу салтанаты өтті.


Аталмыш корд көп функционалды спорттық нысан - қыс мезгілінде шайбалы хоккей, мәнерлеп сырғанауға және жаз мезгілінде шағын футбол ойнауға болады, сондай-ақ, алдағы уақытта түрлі спорттық-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылады. Спорт нысанның пайдалануға берілуі-ауыл тұрғындарының спортпен айналысуына, бұқаралық спортты кеңінен насихаттауға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға мүмкіндік береді.




Аудан әкімі Талғат Батырұлы жаңа алаңның ашылуымен бесқарағайлықтарды құттықтап, ауыл тұрғындарын спортпен шұғылдануға шақырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы спорттың ел ішінде маңызы зор екенін айрықша атап өтті.
#Абай облысы, #Бесқарағай, #Тәуелсіздік күні