Елімай» футбол клубының эмблемасы бейнеленген жаңа мурал салынды
Семей қаласында 408 квартал 15 үйдің қабырғасына “Елімай” футбол клубының эмблемасы салынды.
Сондай-ақ, сәндік муралдар Шәйжүнісов 152, Мәңгілік ел 10 мекенжайындағы тұрғын үй қасбеттерінде пайда болды,-деп хабарлайды Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі. Бұл аудандарда Семейдің келбетін бейнелейтін сурет пен Ұлы Абайдың суреттері салынуда. Тұрғын үй инспекция бөлімінің басшысы Диана Шаяхметованың мәліметінше ағымдағы жылы дәл осындай бірнеше Муралдар пайда болады. Айта кетейік, мурал– бұл өте ірі көлемді өнер туындысы, көбінесе, қабырға бетіне салынған сурет немесе үлкен граффити. "Мурал" сөзі ағылшын тілінен аударғанда – "қабырғадағы сурет" деген мағынаны білдіреді. Мурал-арт суреттері кез-келген жерге бояу жағып кету, ретсіз сурет салу емес, бұл - биік ғимараттардың қабырғаларына жергілікті биліктің арнайы рұқсатымен сурет салуды көздеген заманауи көше өнері.