"Қайрат" алғаш рет Чемпиондар лигасына өтті
Тарихи жеңіс: «Қайрат» алғаш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды
Алматының «Қайрат» футбол клубы өз алаңында шотландиялық «Селтикке» қарсы плей-офф кезеңінің қарымта ойынында жеңіске жетіп, тұңғыш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты. Бұл туралы abaidan.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Негізгі уақытта есеп ашылмай, кездесу пенальти сериясына ұласты. Шешуші сәтте «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков үш соққыны қайтарып, командасына тарихи жеңіс сыйлады. Нәтижесінде алматылықтар серияда 3:2 есебімен басым түсті.
Бұл жетістік – қазақстандық футбол тарихындағы айтулы оқиға. «Қайрат» алғаш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетпек.