Семейде Қала күніне орай ұлттық және спорттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылып, үздіктер анықталды.
Мерекелік шара аясында арқан тартыс, гір көтеру және қол күресінен тартысты бәсекелер өтті. Жарысқа қатысушылар күш-қайратын, төзімділігі мен ептілігін сынап, командалық бірліктің жоғары үлгісін көрсетті.
Спорттық сайыстарға қатысушылар арасында бәсеке қызу өтіп, жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Арқан тартыс
Командалық сайыста жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
🥇 1-орын – Жарма ауданының командасы;
🥈 2-орын – «Барыс» тобы;
🥉 3-орын – «Шолпан» тобы.
Гір көтеру
90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде:
🥇 1-орын – Жанабеков Тілеужан;
🥈 2-орын – Амантай Сұлтан;
🥉 3-орын – Сапарғалиев Рүстем.
90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде:
🥇 1-орын – Омаров Даурен;
🥈 2-орын – Имамбаев Айдар;
🥉 3-орын – Фильчаков Игорь.
Қол күрес
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде:
🥇 1-орын – Ықыласұлы Елдос;
🥈 2-орын – Иманжолов Артур;
🥉 3-орын – Серікұлы Райымбек.
70 келіден жоғары салмақ дәрежесінде:
🥇 1-орын – Қыздарбеков Ерсұлтан;
🥈 2-орын – Сқақбеков Шыңғыс;
🥉 3-орын – Аманбекұлы Бауыржан.
Жарыстардың басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, тұрғындардың спортқа деген қызығушылығын арттыру және қала тұрғындары арасында белсенді өмір салтын қалыптастыру.
Мерекелік спорттық шара қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, Қала күні мерекесінің мазмұнын толықтыра түсті.





