Семей қаласында тұңғыш рет «Семей батыры» спорттық сайысы өтті
Арбат алаңында Семей қаласының ең мықты спортшылары бақ сынасып, сыңға түсті,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшіс Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Олар мөшекпен қашықтыққа жүгіру, темірді максималды ұзақ уақыт ұстап тұру, гір тасын көтеру, бөренемен отырып-тұру, гір тасын иықтан жоғары көтеру, дөңгелекті көтеру, автобусты тарту сынды бірнеше сайыс түрі бойынша бақ сынасты.
Сайысқа Семей қаласының 18 жастан асқан азаматтары қатысты..
Аталмыш шараға Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Спорт бөлімінің басшысы Бауыржан Дюсенбаевтың мәліметінше, аталған сайыс Семей қаласында тұңғыш рет өткізіліп отыр. Алдағы уақытта аталған сайыс жалғасын табатын болады.