Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Спорт 45 қаралымabaidan.kz

Семейде «ARB SEMEY» жекпе-жек турнирі өтті

Семейде «ARB SEMEY» жекпе-жек турнирі өтті

Семей қаласының туған күніне орай ұйымдастырылған мәдени-спорттық іс-шаралар аясында «ARB SEMEY» жекпе-жек турнирі өтті. Спорттық дода салауатты өмір салтын насихаттауға, жастарды спортқа баулуға және жауынгерлік рухты дәріптеуге бағытталды.

Семейде «ARB SEMEY» жекпе-жек турнирі өтті

Жарыстың ашылу салтанатында ARB лигасының президенті Мадхат Олжабаев сөз сөйлеп, турнирге қатысушыларға сәттілік тіледі. Ол ARB лигасының XII турнирі Семей қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ лига аясындағы жарыстарға еліміздің әр өңірінен ғана емес, шетелдерден де спортшылар қатысып жүргенін жеткізді.

Турнирге Өржар, Өскемен, Павлодар, Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Түркістан және Екібастұз қалаларынан келген спортшылар қатысты. Сонымен қатар халықаралық додаға Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресейден келген жауынгерлер де өз шеберліктерін ортаға салды.

Жалпы жарысқа 40 спортшы, яғни 20 жұп қатысып, көрермендерге тартысты әрі әсерлі жекпе-жектер ұсынды. Әр спортшы жеңіске деген жігерін көрсетіп, жоғары деңгейдегі дайындықтарын танытты.

Турнирдің жүлде қоры 2 миллион теңгені құрады. Қомақты жүлде қоры спортшылардың кәсіби шеберлігін арттыруға және жекпе-жек спортын дамытуға көрсетіліп отырған қолдаудың бір көрінісі болды.

Семейде «ARB SEMEY» жекпе-жек турнирі өтті

«ARB SEMEY» турнирі Семей қаласының туған күніне арналған спорттық іс-шаралардың маңызды бөлігіне айналды. Жарыс спортсүйер қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жастар арасында спортқа деген қызығушылықты арттыруға ықпал етті.

Ұйымдастырушылар турнирге қатысқан спортшылар мен жаттықтырушыларға, көрермендерге және жарысты қолдаған барша азаматтарға алғыстарын білдірді.

Барша спортшыларға жаңа жеңістер, биік белестер және толағай табыс тілейміз!