Абай облысының Ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды

Абай облысының Ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды

Абай облысының Ішкі саясат басқармасының басшысы болып Жарқын Жұмаділов тағайындалды,-деп хабарлайды abaidan.kz abaiaqparat.kz-ke сілтеме жасап.

Жарқын Түсіпбекұлы Жұмаділов 1985 жылы Семей қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Саясаттану мамандығының бакалавр және магистрі.

2008-2015 жылдары – «Қазақ радиосының» редактор-жүргізушісі, «Алаш айнасы» газетінің саяси шолушысы, «Ұлт TIMES» газеті бас редакторының орынбасары, «Қазақстан» РТРК» АҚ Стратегиялық маркетинг департаментінің шеф редакторы;

2015-2016 жылдары – ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының сарапшысы, Қоғамдық саясат институты Ақпараттық мониторинг қызметінің жетекшісі;

2016-2019 жылдары – БҚО әкімінің Баспасөз хатшысы, кеңесшісі және Аппарат басшысының орынбасары;

2019-2020 жылдары – «Elorda Aqparat» ЖШС директоры;

2021-2023 жылдары – ҚР Президенті Баспасөз қызметінің инспекторы;

2023 жылы (мамыр-қыркүйек) – Абай облысы әкімінің кеңесшісі;

2023 жылдың қыркүйек айынан қазіргі уақытқа дейін ҚР Президентінің Әкімшілігінде сектор меңгерушісі лауазымын атқарды.


#Абай облысы, #тағайындау, #Ішкі саясат