Берік Уәли жаңа қызметке тағайындалды
Берік Уәли жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының өкімімен Берік Уәли Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды», - деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі.
Ал Нұрмұхамед Исманұлы Байғараев Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы лауазымынан өз еркімен берген өтінішіне сәйкес босатылды.