Қанат Шарлапаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі болды
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды", - деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
1 қыркүйек күні Қазақстанда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бөлек екі жаңа министрлік болып құрылды. Олар: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі және Көлік министрлігі.
#Ақорда, #тағайындау, #Президент