Қанат Шарлапаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі болды

Қанат Шарлапаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі болды

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды", - деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

1 қыркүйек күні Қазақстанда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бөлек екі жаңа министрлік болып құрылды. Олар: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі және Көлік министрлігі. 


#Акорда, #назначения, #Президент