Президент Әкімшілігінде кадрлық өзгерістер болды

Президент Әкімшілігінде кадрлық өзгерістер болды

Дәурен Ерғарин Президент Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі  Tengrinews.kz  сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Тілекұлы Ерғарин Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", -делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұл қызметті атқарған Алексей Калайчиди Мемлекет басшысының өкімі бойынша лауазымынан босатылды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімі бойынша, Ербол Адаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Бұл қызметті атқарған Нұрдәулет Төлеев лауазымынан босатылды.


#ҚР Президенті, #тағайындау