Президент Әкімшілігінде кадрлық өзгерістер болды
Дәурен Ерғарин Президент Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Тілекұлы Ерғарин Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", -делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұл қызметті атқарған Алексей Калайчиди Мемлекет басшысының өкімі бойынша лауазымынан босатылды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімі бойынша, Ербол Адаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Бұл қызметті атқарған Нұрдәулет Төлеев лауазымынан босатылды.