Туризм саласында мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну бойынша өтінімдерді қабылдау басталды

Туризм саласында мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну бойынша өтінімдерді қабылдау басталды

 Туризм саласында мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну бойынша өтінімдерді қабылдау басталды,деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы № 211 ҚР Заңына сәйкес 4 бағыт бойынша кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге және субсидиялауға туризм саласында мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну бойынша өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды:

1. Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарының 10% өтеу;
2. Кәсіпкерлік субъектілерін айына 83 300 теңге мөлшерінде санитариялық-гигиеналық тораптарды ұстауға субсидиялау;3.  Шығындарды өтеу шарасымен жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша кәсіпкерлік субъектілері шығындарының 10% өтеу;
4. Туристік қызметті өтеу шарасы мөлшерінде жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізушінің орнын қоспағанда, отыруға арналған сыйымдылығы сегіз орыннан асатын автомобиль көлік құралдарын сатып алу жөніндегі құнның 25%-ын өтеу.
Кәсіпкерлік субъектілерінің жүргізушінің орнын қоспағанда, құрылыс, жол бойындағы сервис объектілері, туристік қызмет объектілерін реконструкциялау, сыйымдылығы 8 (сегіз) орыннан асатын автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша өтінімдер ағымдағы жылдың 1 наурызына дейін беріледі.

Кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды ұстауға жұмсаған шығындарының бір бөлігін субсидиялау бойынша өтінімдер Басқарма атына ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін беріледі.Құжаттар топтамасын қабылдау мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Семей қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 25, «Meridian» БО, 3 қабат, 304 кабинет немесе электрондық поштаға: tourismabai@gmail.com, тел.: 8-701-183-28-77 Әділет Жұмагелдіұлы, 8-705-764-64-01Назгүл Айдынқызы.


#Семей, #Абай облысы, #Туризм