Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Заң мен тәртіп 94 қаралымabaidan.kz

Полиция бетті тұмшалауға қатысты талаптарды сақтауға шақырады

Полиция бетті тұмшалауға қатысты талаптарды сақтауға шақырады

Полиция бетті тұмшалауға қатысты талаптарды сақтауға шақырады, — деп хабарлайды abaidan.kz агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Қазақстанда қоғамдық орындарда адамның бет-әлпетін тануға мүмкіндік бермейтіндей дәрежеде бетін жабатын киім киюге шектеу енгізілді. Алайда бұл талап медициналық көрсетілімдерге, ауа райы жағдайларына, қызметтік міндеттерді орындауға, азаматтық қорғау шараларына, сондай-ақ спорттық және мәдени іс-шараларға қолданылмайды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, өзгерістің мақсаты — қоғамдық қауіпсіздікті күшейту және азаматтарды сәйкестендіру мүмкіндігін арттыру. Заң дәстүрлі діни киімдерге қатысты емес және ар-ождан мен діни сенім бостандығын шектемейді. Аталған талап “Құқық бұзушылық профилактикасы туралы” заңның 75-бабының 3-тармағында көзделген. Полиция тұрғындарды заң талаптарын сақтауға шақырады.