Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Заң мен тәртіп 44 қаралымabaidan.kz

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің негізгі мақсаты. Осы бағытта Департамент мемлекеттік органдарда жүйелі түрде жоспарлы және жоспардан тыс мониторингтер жүргізіп келеді.
Мониторинг «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына және тиісті қағидаларға сәйкес мемлекеттік органға бару арқылы да, сондай-ақ ақпараттық жүйелердің көмегімен бармай-ақ та жүзеге асырылады.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Департамент қызметшілері мемлекеттік органдарға бару арқылы 24 мониторинг жүргізіп, 27 мемлекеттік органды қамтыды.
Мониторинг нәтижесінде бірқатар мемлекеттік органдарда қызметшілердің жұмыстан тыс уақытта жұмыс берушінің тиісті актісінсіз үстеме жұмысқа тартылғаны анықталды. Нәтижесінде 74 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды. Атап айтқанда, 45 қызметшіге атқарған үстеме жұмысы үшін жалпы 90 сағат тынығу уақыты берілсе, 15 қызметшіге 654 мың теңге көлемінде өтемақы төленді.
Атап өту қажет, еңбек заңнамасы талаптарын бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 89-бабына сәйкес жұмыс уақытының белгіленген нормасын заңсыз асыру әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. 
Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын сақтау мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігі мен заңдылығын қамтамасыз етеді. Осыған байланысты барлық мемлекеттік орган басшылары жұмыс уақытын тиімді ұйымдастырып, қызметшілерді заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеулері қажет.


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет
істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті