Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Қоғам 36 қаралымabaidan.kz

Семейде терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

Семейде терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

2026 жылғы 27 тамызда Семей қаласында Абай облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының ұйымдастыруымен терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізу жоспарлануда.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – террористік сипаттағы қатерлерге жедел ден қоюға тартылатын күштер мен құралдардың әзірлігін арттыру. Іс-шара аясында нақты жағдайларға барынша жақындатылған түрлі ахуалдық сценарийлер пысықталатын болады.

Оқу-жаттығу барысында оқу-жаттығу жағдайы пысықталатын нысандардың бірі ретінде «Дана» сауда үйі (ЦУМ) айқындалған. Оқу-жаттығуды өткізуге байланысты көлік құралдарының қозғалысына жол-көлік желісінің жекелеген учаскелерінде уақытша шектеулер енгізіледі. Атап айтқанда, Найманбаев – Мұхамедханов көшелерінің, Қабанбай батыр – Мұхамедханов көшелерінің, сондай-ақ Уәлиханов – Мұхамедханов көшелерінің қиылыстары аумағында қозғалыс шектеледі.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздік шараларын сақтауды, өткізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды, дәйексіз ақпараттың таралуына жол бермеуді және мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз.


 

Абай облыстық терроризмге қарсы жедел штабы