Үздік жедел уәкіл байқауында облысымыздың тәртіп сақшысы алдыңғы қатардан көрінді, деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Салтанатты марапаттау рәсімі Алматы қаласында өтті. Жедел уәкілдер - тұтқындауға қатысады, қылмыскерлер мен құқық бұзушылардың жеке ба сын анықтайды, тергеу жүргізеді және әрқашан қауіп бар жерде жүреді.

Биыл екінші орынды жерлесіміз - Абай облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі полиция капитаны Зарипов Қуаныш иеленді. "Үздік жедел уәкіл" байқауы жыл сайын өткізіледі және криминалдық полиция қызметкерлері арасында кәсібиліктің өсуіне, сондай-ақ өңірлер арасында байланыс орнатуға ықпал етеді.






