1,5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛЫ БАР ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ
Семейде 1,5 миллион теңгеден астам айыппұлы бар жүргізуші ұсталды. 30 жастағы азаматтың 50 рет ереже бұзғандығы «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешеніне тіркелген болып шықты. Алайда ол айыппұлды мүлдем төлемей жайбырақат жүре берген. Ережені елемеген жүргізуші полицейлер кезекті рейдтердің бірінде қолға түсіріп, көлігін айып тұрағына қойған. Жалпы жыл басынан бері Семейде 193 201 ереже бұзушылық «Сергек» арқылы анықталған. Нәтижесінде 2 миллиард теңгеге жуық айыппұл тіркеліпті. Соның 1 миллиард 862 миллионнан астамы өндіріліп алынған.
#Семей, #Абай облысы, #айыппұл