Абай облысында 15 жасар мотоциклші полицейлерден қашып жарыс ұйымдастырды
Оқиға кеше түнде облыс орталығының шетінде болды, патруль мотоциклшінің жоғары жылдамдықпен жүргенін байқаған. Сондай-ақ, көлік құралында нөмірлік белгілер болмаған. Тәртіп сақшылары әңгіме жүргізіп, жас жігітке қауіпті екендігін ескертпек болған. Бұған жауап ретінде мотоциклші жүруін жылдамдатқан. Тоқтау туралы талапқа құлақ аспай, түнгі қалада жарыс ұйымдастырған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде шабандоз тоқтатылып, заңды өкілдерге берілді.
Кәмелетке толмаған баланың ата-анасы сағат 23:00-ден кейін оның үйден тыс жерде болғаны үшін жауапқа тартылады.Сонымен қатар, көлік айыппұл тұрағына қамалды.
Жасөспірімнің мінез-құлқы Семей қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда қаралатын болады.