Абай облысында 26 кәсіпорын өңірді дамытуға жұмсалатын қаржыны бөлуден жалтарған

Абай облысында 26 кәсіпорын өңірді дамытуға жұмсалатын қаржыны бөлуден жалтарған

Абай облысында мемлекет кірісіне 105 млн теңгеден астам қаржы өндіріліп алынды,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі. Облыс прокуратурасы жер қойнауын пайдаланушылармен лицензиялық және келісімшарттық міндеттемелер сақталуына талдау жасалды. Келісімшарттарға сәйкес, жер қойнауын пайдаланушылар жыл сайын Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымына қаражат төлеуге міндетті.

Талдау барысында аталған қаражатты төлеуден жалтарған 26 кәсіпорын анықталды.

Прокуратураның актісі бойынша келісім-шарттарды тиісінше орындамаған жер қойнауын пайдаланушылардан 105 млн. теңгеден астам қаражат өндірілді.


#Абай облысы