Абай облысында рұқсат етілмеген 51 қоқыс үйіндісі анықталды
Абай облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы «Қазақстан Ғарыш сапары» геопорталының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, 51 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісін анықтады,-деп хакбарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оның көпшілігі Бородулиха, Жарма аудандары мен Семей қаласында. Қалдықтарды уақтылы кәдеге жаратпау қоршаған ортаға орны толмас зиян келтіреді, осыған байланысты прокуратураның қадағалау актісі бойынша оларды жою жөнінде шаралар қабылданды.
Бұдан басқа, кінәлі тұлғалар ӘҚБтК-нің 324-бабы бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
#Абай облысы, #прокуратура, #қоқыс үйіндісі