Қазақстандық полицейлер бопсалаумен айналысқан 20-дан астам жастар тобын ұстады

Қазақстандық полицейлер бопсалаумен айналысқан 20-дан астам жастар тобын ұстады

Ішкі істер министрлігі жастар арасындағы бопсалау фактілерін анықтап, олардың алдын алуды ерекше бақылауда ұстайды. Биыл полиция қызметкерлері бопсалаудың 400-ден астам дерегін тіркеді, оның 39-ы мектептер мен колледждерде жасалған. Оқу орындарында 60 мыңға жуық профилактикалық іс-шара өткізілді, онда бопсалау, буллинг және зорлық-зомбылық көрсетумен байланысты проблемалық мәселелер талқыланды. Мектептер мен колледждерде анонимді сауалнамалар жүргізіліп, оқушылар арасында бопсалаудың 50-ден астам ықтимал фактісі анықталды. Барлық жағдай тексерілетін болады. Мұндай фактілерді уақытылы анықтап, жолын кесу жасөспірімдер қылмысының алдын алуға ықпал етеді. Жыл басынан бері бопсалаумен айналысатын 23 жастар тобының әрекетіне тосқауыл қойылды.


#заң, #Полиция