ҚР Мемлекеттік шекарасын бұзу фактілері жиілеп кетті.

ҚР Мемлекеттік шекарасын бұзу фактілері жиілеп кетті.

Соңғы уақытта шетелдік азаматтармен, әсіресе Орталық Азия өңілерінен келген иммигранттармен ҚР Мемлекеттік шекарасын бұзу фактілері жиілеп кетті. Шетелдік азаматтар негізінен үшінші елдерге өту үшін Қазақстан аумағынан транзит арқылы жол кеседі. Олардың арасында қылмыскерлер, террористер және басқа да заңсыз элементтер болуы мүмкін. Көбінесе заңсыз мигранттар қозғалыс үшін қалааралық және қала ішіндегі таксилердің, сондай-ақ ілеспе (жол-жөнекей) көлік құралдарының қызметтерін пайдалануда. Көрсетілген жағдайларда көлік құрадары жүргізушілерінің әрекеттерінде ҚР Қылмыстық Кодексінің 394-бабына сәйкес белгілер болуы мүмкін. Оларға осы теріс іс-әрекеттері үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы көзделген. Шекара бұзушыларға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 392-бабы бойынша «ҚР Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту» қылмыстық жауапкершілігі көзделген. 

Осыған орай, Абай облысы бойынша ҚР ҰҚК Шекара қызметінің департаменті, облыс және шекаралық ауыл тұрғындарын мұндай құқық бұзушылықтарды қасақана жасаудан алдын-ала ескертеді. Егерде ҚР шекарасын бұзу ниеті бар күдікті шетелдік тұлғаларды байқаған жағдайда (шекараны бұзуға жәрдем көрсету туралы өтінішпен жүгінген жағдайда) не Сіз заңсыз көші-қон саласындағы, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік шекарасындағы басқа да заңсыз іс-әрекеттердің куәсі болсаңыз келесі нөмірлер бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: 8-705-623-77-85, 87222 (30-41-17).

Абай облысы бойынша ҚР ҰҚК ШҚ департаменті басшылығы облыстың барлық тұрғындарынан отаншылдық сезімін көрсетуге, ұлттық заңнаманың бұзылуына төзімсіздікпен қарамауға шақырады. 

Отанымыздың қауіпсіздігі мен тыныштығы біздің қолымызда!


#ҚР ІІМ, #Шекара, #Полиция