ҚР ҰҚК төрағасының екі орынбасары қызметінен босатылды
Мемлекет басшысының өкімімен ҚР ҰҚК төрағасының екі орынбасары қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысының өкімімен:
Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымынан босатылды;
Асқар Баймерденұлы Әмірханов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымынан босатылды», - деп жазылған құжатта.
Сейсембаев Руслан Темірғалиұлы – ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары, ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры, ҚР ҰҚК Құрметті қызметкері
Білімі: ҚР ҰҚК Академиясы
ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен наградталған.
2021 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры атағы берілді.
1997-2008 жж. – ұлттық қауіпсіздік органдарында офицерлік лауазымдарда қызмет атқарды;
2008-2023 жж. - ұлттық қауіпсіздік органдарында басшы лауазымдарда қызмет атқарды;
2023 жылғы сәуірден бастап – ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары.
Асқар Баймерденұлы Әмірханов – ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары - Сыртқы барлау қызметінің директоры, ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры, ҚР ҰҚК Құрметті қызметкері
Білімі: Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (1993 ж.).
ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен наградталған.
2020 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры атағы берілді.
1995-2004 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарында офицерлік лауазымдарда қызмет атқарды;
2004-2022 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарында басшылық лауазымдарда қызмет атқарды;
2022 жылғы қаңтардан бастап – ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары.
2023 жылғы сәуірден бастап – ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары - Сыртқы барлау қызметінің директоры.