Ресейде терракт жасамақшы болған қос қазақстандықтың өліміне қатысты ақпаратты ҰҚК тексеріп жатыр

Ресейде терракт жасамақшы болған қос қазақстандықтың өліміне қатысты ақпаратты ҰҚК тексеріп жатыр

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ресейдегі лаңкестікке қарсы операция кезінде қос Қазақстан азаматының көзі жойылғаны туралы ақпаратты тексеріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz сілтеме жасап, abaidan.kz тілшісі  .

Ресейлік ведомство мәліметі бойынша, олар Ресей Федерациясының аумағында теракт жасауды ұйымдастыру кезінде өлтірілген.

"БАҚ-та Ресей Федерациясында Қазақстанның екі азаматының террорлық акті жасауды ұйымдастыруға әрекетену кезінде Ресейдің күштік құрылымдарымен көзі жойылғаны туралы ақпарат жарияланды. Бұл адамдардың Қазақстан азаматтары екендігі, олардың Ресейде болғаны расталады. Аталған факті бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде. Тексеру шаралары РФ Федеральды қауіпсіздік комитетінің ынтымақтастық арнасы аясында тығыз байланыста жүзеге асырылуда".ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайтыны да нақтыланады.


#Ресей, #теракт, #ҰҚҚ, #қылмыс