Семей қаласының тұрғыны сақ дәуірінен қалған алтын бұйымдар тапты
Полицейлер күдіктіден жануарлар үлгісіндегі төрт алтын бұйымды тәркіледі. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап, abaidan.kz тілшісі хабарлады.
Семей қаласының тұрғыны тарихи маңызы бар зергерлік бұйымдарды заңсыз тасымалдады деген күдікпен ұсталды. ҰҚК Абай облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен тарихи құндылыққа жататын бағалы бұйымдардың заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен Семей қаласының тұрғынын ұстады.
"Тінту барысында аң стиліндегі Сақ дәуіріне жататын жалпы салмағы 79 грамм 4 алтын әшекей тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 193-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Бірқатар сараптамалар тағайындалды", – деп жазылған хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жарияланбайды.