Заңгерлерден тегін кеңес: Семейде «Халық заңгері» республикалық акциясы өтеді

Заңгерлерден тегін кеңес: Семейде «Халық заңгері» республикалық акциясы өтеді

Біз «Халық заңгері» республикалық акциясын өткізуді қайта бастаймыз, осы акция шеңберінде кез келген адам заң туралы тегін консультация алып, мемлекеттік органдарға тікелей жүгіне алады,-деп хабарлайды abaidan.kz агенттігі. Акция 30 мамыр күні еліміздің ірі қалалары мен елді мекендерінде өтеді. Мемлекеттік органдар, елдің заңгерлері мен адвокаттары азаматтарды қабылдап, кез-келген құқықтық мәселелер бойынша халыққа консультация беретін болады. Кіру тегін. Неғұрлым толық және нақты ұсыныстар алу үшін ісіңіз бойынша құжаттарды өзіңізбен бірге ала келіңіз.

Өткізу орны - Ағымдағы жылы 30 мамырда сағат 17:00-де, Семей қаласы, Абай көшесі, 86, Абай атындағы әмбебап кітапханасында

Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі, ұйымдастырушылар - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, “Параграф” ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.


#Семей, #заң, #Абай облысы