Интеллектуал жастар - Ұлттық руханияттың тірегі
Семейдегі Шәкәрім университетінің студенттері түгелдей жасанды интеллект мамандарын дайындауға негізделген АІ SANA бағдарламасының курстарынан өткен. Оған қос осы инновациялық платформа көмегімен жасанды жад негізінде бірқатар жобаны іске қосты. Енді жасанды инттелектіні жастар тек қолданып қана қоймай, оның игілігін түрлі салада қодануды игеріп жатыр. Нәтижесін қазірдің өзінде көре бастадық дейді мамандар.
Нұртуған Азатбекұлы жасанды инттелект негізінде оқытушыларға арналғн AI CHECK бағдарламасын жасап шығарған. Ол арқылы оқытушылар студенттердің орындаған жұмыстарын тез тексеріп, бағалай алады. Яғни шәкірттің диплом, курстық жұмыстарының қателіктерін тауып немесе түпнұсқа әлде көшірме екендігін автоматты анықтайды.
Бұл жүйемен жұмыс істеу өте оңай. Мұғалім жүйеге кіріп, студенттің жұмысын жүктейді. Және де система максималды, екі минуттыі ішінде бағаны шығарып берді. Сәуір айында қостық. Содан бері жұмыс істеп келе жатыр,-дейді жоба авторы Нұртуған Азатбекұлы.
Шәкәрім университетінің студенттері АІ SANA бағдарламасының курсынан 100 пайыз өткен. Нәтижесінде цифрлық құралды түрлі салада тиімді пайдаланудың әдіс тәсілдерін меңгеруге икемделіп жатыр.
Әр студент әр түрлі қолданады. Кейбіреуі дайын нәрсені алып қоя салады деген сияқты. Ол негізі нейрожүе ғой. Адамның миымен ойлана алмайды. Сондықтан, біз егер де өзімізге керекті ақпаратты алғаннан кейні оны әрі қарай анализ жасауымыз керек. Әрі қарай өзіміз адами тұрғыда қорытынды жасап қана қалыптастыра алуымыз керек,-дейді оқу орнының 3-курс студенті Ахмет Есенбек.
Жасанды интеллект игілігін университет оқу процесінде де жан-жақты пайдаланады. Нәтижесінде білім сапасы артып, оқытушылардың жұмысы жеңілдеген.
Admission Bot қабылдау комиссиясына арналған чат-бот болып есептеледі. Ол бізде осы қабылдау комиссиясында, биылғы жылы толыққанды жұмыс істеді. Қабылдау комиссиясына ауыртпашылық түсірмеу. 70-75 пайыз уақытын үнемдеді,-дейді Шәкәрім университетінің Акадениялық мәселелер бойынша проректоры Бейімбет Дәрібаев. У
Жақында жас мамандар, ЖИ негізінде бітіруші студенттердің жұмысқа орналасуы мен оның қабілеттеріне орай бағыт-бағдар беретін CAREER AI бағдарламасын ойлап тапқан. Оған қоса студенттердің икеміне қарай түрлі курстардан өткізетін SMART COURSE және оқу орнының ғылыми жұмыстарына сараптама жасайтын Research Center (ресорс цент) бағдарламасын да іске қосты
#жастар, #Жолдау, #жасанды интеллект