Жолдау 70 қаралымabaidan.kz

Жолдаудың негізгі бағыттары түсіндірілді

Жолдаудың негізгі бағыттары түсіндірілді

Қоғам белсенділері, Ақсақалдар алқасының өкілдері және азаматтық қоғам мүшелерімен өткен кездесуде Құрылтай депутаты Айрат Бәзенов Мемлекет басшысының 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған негізгі басымдықтар мен алдағы міндеттер туралы кеңінен түсіндірді.

Кездесудің басты мақсаты – Жолдауда көтерілген өзекті мәселелерді көпшілікке жеткізу, ел дамуының басым бағыттарын талқылау және қоғам өкілдерінің пікірлерін тыңдау. Жиын барысында депутат саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың маңыздылығына тоқталып, олардың елдің тұрақты дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға және азаматтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталғанын атап өтті.

Әсіресе, инфрақұрылымды жаңғырту, экономиканы дамыту, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын жетілдіру, жаңа технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу мәселелеріне назар аударылды.

Құрылтай депутаты Айрат Бәзенов өз сөзінде:

«Президент Жолдауында еліміздің алдағы даму бағыттары мен қоғам алдында тұрған маңызды міндеттер нақты айқындалды. Әсіресе, инфрақұрылымды жаңғырту, экономиканы дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын жетілдіру, жаңа технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылған. Бұл бастамалардың барлығы түптеп келгенде халықтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған. Бүгінгі кездесудің де негізгі мақсаты – осы маңызды міндеттерді қоғам өкілдеріне кеңінен түсіндіру. Себебі ел дамуы тек мемлекеттік органдардың жұмысына ғана емес, әрбір азаматтың белсенділігі мен жауапкершілігіне байланысты. Сондықтан қоғам болып бірлесіп, Жолдауда белгіленген міндеттердің жүзеге асуына атсалысуымыз қажет», – деді.

Сонымен қатар кездесуде қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты сақтау, азаматтық белсенділікті арттыру, мемлекеттік бастамаларды қолдау және әрбір азаматтың ел болашағына жауапкершілікпен қарауы мәселелері де сөз болды.

Жиынға қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, қоғамды толғандырған мәселелер бойынша ұсыныстарын білдірді. Атап айтқанда, халықпен кері байланысты нығайту, жергілікті жерлердегі өзекті мәселелерді шешу және қоғамдық диалогты дамыту жөнінде пікір алмасты. Қатысушылар Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыруда азаматтық қоғам өкілдерінің белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.

Мұндай кездесулер ел дамуының стратегиялық бағыттарын халыққа кеңінен түсіндіруге, қоғам өкілдерінің ұсыныс-пікірлерін ескеруге және азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттар арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.