Алматы облысында зорлау ісі бойынша айыпталған ер адам қамаудан қашып кетті

Алматы облысында зорлау ісі бойынша айыпталған ер адам қамаудан қашып кетті

Талғар аудандық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторынан зорлау жасады деген күдікпен қамауда отырған азамат К. қашып кетті,-деп хабарлайды  abaidan.kz ақпараттық агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, осыған байланысты «Дабыл» жоспары енгізілді. Негізгі жолдарға блок-бекеттер қойылып, қашқынды іздеп табу және ұстау үшін барлық күш пен құралдар жұмылдырылды. Күдіктіге іздеу жариялады.

- Алматы облысы Полиция департаменті Уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен 30.05.1998 жылы туылған Талғар ауданы, Тереңқара ауылы, Новостройка көшесі, №216-үй мекен-жайы бойынша тіркелген Бекарыс Сәбитұлы Қалмырзаевқа іздеу саламыз, - деп хабарлады облыстық ПД.

Сондай-ақ полиция іздеуде жүрген адам туралы қандай да бір ақпарат білген жағдайда келесі телефондар арқылы дереу хабарлауды өтінді: +7 727 727 90 44, +7 777 427 2915, +7 778 900 02 55 немесе 102.


#право, #Полиция, #Алматинская область